Әдеп жөніндегі уәкіл ауыл әкімдерімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакиров ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, Әдеп кодексінің жаңа талаптарын түсіндірді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтауы, дөрекілік пен әдепсіздікке жол бермеуі, қызметтік мінез-құлық қағидаттарын ұстануы қажеттігі атап өтілді. Әкімдерге іскерлік этикет пен қызметтік әдебін сақтау, өз іс-әрекеттерімен мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмеу керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары туралы айтылып, олардың адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарын ұстануы тиіс екені баса назарға алынды.
Кездесу қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін атқару кезінде әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/967096?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді