Ақмола облысының әкімі хоккейден Республика чемпионы атанған «Арлан» клубын құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетаудағы «Бурабай» спорт сарайында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының «Pro Hokei Ligasy» тұрақты чемпионатында жеңіске жеткен «Арлан» хоккей клубына арналған салтанатты рәсім өтті. Команда еліміздің үш дүркін чемпионы атанды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов спортшыларды, жаттықтырушылар құрамын және клуб басшылығын жеңісімен құттықтады.

«Арлан» командасы тұрақтылықты, мықтылықты және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп келеді. Бұл – жүйелі әрі мақсатты жұмыстың жемісі. Сіздер – өңір мақтанышысыздар», – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде клубтың басшысы Андрей Мауль облыс басшылығына және жанкүйерлерге көрсетілген тұрақты қолдау үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, спорт ардагері Николай Горбунов, команданың капитаны Фёдор Хорошев және бас бапкер Владимир Маркелов та жылы лебіздерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/979492?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді