Аудандық мәслихат төрағасы облыстық мәслихатта алдағы жұмыс жоспарын талқылауға арналған жиынға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
10 сәуір күні облыстық мәслихатта алдағы жұмыс жоспарын талқылауға арналған жиын өтті. Оған қалалық, аудандық мәслихат төрағалары арнайы шақырылды. Басқосуда облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева 3-4 сәуір күні Астанада өткен ҚР Сенат жанындағы Мәслихаттармен өзара бірлескен іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша ақпарат берді.
⚜️ Одан кейін алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайы талқылап, депутаттар өзара пікір алмасты. Бұл шаралардың басты мақсаты — мәслихат жұмысының тиімділігін арттыру, рөлін нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/980542?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді