1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, шекара әскеріне алынып, соғыс жылдарында да, елді қалпына келтіру кезеңінде де абыроймен қызмет етті. Елге оралған соң, ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып, бар ғұмырын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне арнады. Жиырма жылдан астам қызметке адал болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімін басқарды.
Ол өзінің адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және Отанға деген шексіз сүйіспеншілігімен үлкен беделге ие болды. Тәңірберген Толғанбаев Жамбыл, Ақсу және Іле аудандарының Құрметті азаматы атағына ие.
Толғанбаев Тәңірберген бүгінде ерлік пен жауапкершіліктің арқасында Отанға адалдықтың мәңгілік құндылық екенін тағдыры арқылы дәлелдеген тірі аңыз. Оны жерлестері, әріптестері, ұрпақтары құрметтейді, бағалайды.
Осы Жеңіс күні – батыр ардагерге деген шынайы алғыс пен терең тағзым білдіретін тамаша мүмкіндік. Оның ғұмыры – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін жарқын өнеге.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/971035?lang=kk

Жауап қалдыру