2025 жылдың 3-ші сәуір күні Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVІІ сессиясы «AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс отырыс залында өтті.
Кезектен тыс сессияға аудан әкімі Б.Жәнібеков, әкімдік бөлімдерінің басшылары, Шу қаласы, ауылдық округтерінің әкімдері, жекелеген мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты. Сессияны мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Б.Ниязбеков жүргізіп отырды.
Сессия отырысында 2 мәселе қаралды.
Бірінші кезекте сессияның күн тәртібі бекітілді.
Сессияда келесі қаралған мәселе – «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы». Бұл мәселе алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында егжей-тегжейлі қаралып, талқылануына байланысты сессияда депутаттармен тиісті шешім қабылданды.
Сонымен қатар, осы сессияда аудан әкімдігі ұсынған бюджеттік комиссияның жаңа құрамы тиісті шешіммен бекітілді.
Осымен тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVІІ сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/969520?lang=kk

Жауап қалдыру