КЕНТАУЛЫҚ ҚЫДЫРӘЛІ АҚБОТА ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ұлттық спорттың мерейін асыратын бұл жарыста 17 облыс пен 3 ірі қаладан келген 468 балуан 16 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, боз кілемде кіл мықтыны анықтады.

Аталған чемпионатта Түркістан облысының құрамында өнер көрсеткен кентаулық қайсар спортшы қыз Қыдырәлі Ақбота -70 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында қазақ күресінен ҚР екі дүркін чемпионы атанып, алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Ал жалпыкомандалық орындар бойынша қоржындарына 5 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль салған Түркістан облысы топ жарды. 4 алтын, 4 қола жүлде алған Абай облысы екінші орынды иеленді. Ал 3 алтын, 2 күміс, 3 қолаға қол жеткізген Астана қаласы үздік үштіктен көрінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/980226?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді