Мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пункт жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік сағат барысында №10 «Балбұлақ» бөбекжайының педагог-психологі Алия Талгатовна, «Ақылтай» балабақшасының әдіскері Гульмира Акановна өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, консультациялық пункті ұйымдастырудың тиімді әдістерін ұсынды. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, балалардың жан-жақты дамуын қолдау мақсатында әдістемелік, психологиялық кеңес берудің түрлі тәсілдеріне тоқталды. Қатысушылар консультациялық пункттің жұмысын жетілдіруге бағытталған озық тәжірибелермен танысып, ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшу, көмек бұрышын ұйымдастыру туралы өз тәжірибелеріне енгізуге болатын маңызды ақпараттар алды. Мұндай әдістемелік кездесулер мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға және педагогтардың кәсіби дамуына зор ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/969104?lang=kk

Жауап қалдыру