Өңірімізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру бағытында нәтижелер күтілуде. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамұрайт Шаменов хабарлады.
Спикердің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір облыс және республикалық маңызы бар қалалар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірлеп, білім, медицина, жол және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, құрылыс, тұрғын үй, кәсіпкерлікті қолдау салаларын, сондай-ақ халықты толғандыратын басқа да мәселелерді қамти отырып жұмыс атқаруда.
-Сыртқы талдау коммуналдық салаға қатысты өткізілді. Сыртқы талдау нәтижесінде бірнеше маңызды мәселе анықталды. Сондай-ақ, «Каспий жылу, су арнасы» ЖШС бұрынғы басшылығының бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері, орындалмаған жұмыстарды қабылдау және жұмыстарды қосарлы қаржыландыру тәуекелдері анықталды. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, қазіргі таңда оның салдарын жоюға қатысты жұмыстар атқарылып жатыр,- деді Шамұрайт Шаменов.
Сонымен қатар, жемқорлық фактілерін хабарлаған азаматтар мемлекеттің қорғауында болады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу бойынша 2025 жылдың 3 айында Департамент 3 адамға 750 мың теңгеден астам сыйақы төледі.
Атап өтейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді.
Егер жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз 1424 және whatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 арқылы ақша бопсалап пара беруге мәжбүрлеген жағдайда, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген жағдайда, жемқорлық фактілері және жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адам туралы ақпаратты шұғыл хабарлай аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/969159?lang=kk

Жауап қалдыру