Көктемгі демалыс мектебінің аясында «Мектепалды сыныптағы жасанды интеллект: білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін тәрбиешінің міндеттерін автоматтандыру» тақырыбында мектепалды даярлық тәрбиелешілеріне арналған семинар-практикум өтті. Іс-шараның бірінші бөлімінде білім бөлімінің әдіскері Гаухар Аманжоловна Молдаханованың алғы сөзі тыңдалды. Ол семинардың мақсаты мен міндеттері, өткізу жоспарымен таныстырды. Семинар барысында Тусупова Даметкен Оразкенова (№12 ЖОББМ) «Жасанды интеллектті қолдану арқылы оқытудың платформалары» тақырыбы, Еппаева Гулим Ермековна (№31 ЖОББМ) «Жасанды интеллект арқылы шығармашылық ойлау мен қиялды жетілдіру жаттығуларын ұйымдастыру» тақырыбы, Дюсекенова Каршыга Шаймардановна, Уайтбаева Акмарал Досанбековна (№35 ЖОББМ) «Балалардың танымдық қабілетін дамытуға арналған ЖИ негізіндегі ойындар мен тапсырмалар» тақырыбы бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылармен практикалық сабақтар ұйымдастырды. Іс-шараның соңында мектепалды даярлық тәрбиешілерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Айнаш Нурбековна Абеуова рефлексия өткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/968474?lang=kk

Жауап қалдыру