Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт – рухани тазалықтың, мейірімділік пен қайырымдылықтың мейрамы. Бұл айда әрбір жан сабыр мен төзімділік танытып, өз жүрегін ізгілікке тәрбиеледі. Ал Ораза айт сол сабырдың, құлшылықтың, имандылық пен ықыластың жемісі ретінде мейірім мен қуанышқа толы мереке болып келеді. Бұл күндері адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, кешірімділік пен татулықты нығайтады, араздықты ұмытып, жақсылық жасауға ұмтылады.

Елімізде бұл мерекенің ерекше мәні бар. Өйткені ол бірлігімізді бекемдеп, бауырмалдық пен ынтымақты арттыра түседі. Ораза айт – тек діндар жандар үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды мейрам. Өйткені оның негізгі құндылықтары – мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық – баршаға ортақ. Бұл күндері мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, жақындарымызға қуаныш сыйлау – әрбіріміздің асыл міндетіміз.

Ораза айт әр шаңыраққа шаттық пен ырыс, құт-береке әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрқайсыңызға зор денсаулық, мол ризық-несібе, отбасы бақытын тілеймін. Қасиетті мейрамда жасаған дұға-тілектеріңіз, ізгі амалдарыңыз қабыл болсын!

Ораза айт құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/967329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді