Тараз қаласы ТЖБ қызметкерлері Тараз қаласы әкімі аппаратымен бірге ҚР ІІМ 2020 жылғы 2 шілдедегі «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» №494 бұйрығы негізінде және Тараз қаласы әкімі орынбасарының тапсырмасына сәйкес қала аумағындағы барлық орта білім беру мекемелерінде төтенше жағдай орын алған кезде эвакуация бойынша іс-қимылдарына бағалау жұмыстары жүргізіліп басталды.
Аталған оқу-жаттығу кезінде оқушылар мен оқытушы құрамның уақытылы эвакуация жолдарымен қауіпсіз алаңға шығуына, электр құрылғыларының толық сөнуіне және медициналық көмек көрсетілуіне аса көңіл бөлінуде.
Сонымен қатар қосалқы есіктердің ашық болуына және дабыл сигналдарының ақаусыз жұмыс жасауына назар аударылуда. Әрбір мекемеден анықталған кемшіліктер бойынша анықтама толтырылып, алдағы уақытта кемшіліктерді жою мақсатында тиісті кеңестер берілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/969920?lang=kk

Жауап қалдыру