САРЫАҒАШ: ӘЛІМТАУДЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сарыағаш ауданының шалғайда орналасқан Әлімтау ауылының 50 жылдық мерей тойы кең көлемде аталып өтті.
 
Ауылдық округтің 50 жылдық мерейтойын атап өтуге аудан әкімі, Әлімтау ауылында туып-өскен қоғам қайраткерлері және ауылда абыройлы қызмет атқарған тұлғалар, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындары қатысты. Мерекелік шарада аудан әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарына ыстық лебізін жеткізіп, айтулы белесті жетістікпен бағындыруға еңбек сіңірген азаматтарға алғыс хаттар табыстады. Мерейтой аудан өнерпаздарының дайындаған мерекелік концертімен жалғасты.
 
Мерекелік той қарсаңында Әлімтау кеңшар болып құрылғанынан Әлімтау ауылдық округ статусына дейінгі тарихынан сыр шертетін кітап жарық көрді.
 
Қазіргі таңда Әлімтау ауылдық округі Сарыағаш ауданындағы ең шалғай ауылдардың бірі. Аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта жатқан берекелі ауыл.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/970609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді