САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӘКІМШІЛІК-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаевтың төрағалығымен  Сарыағаш қаласының бас  жоспарлау жобасын талқылау өтті. Жиынға ауданның жер қатынастары бөлімінің  басшысы Б.Әуезов, құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімінің бас маманы Н.Рахимов қатысты.

 

Аудан әкімінің   бекітілген бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес Сарыағаш ауданының  орталығын және  Сарыағаш қаласының әкімшілік- іскерлік орталығын құру,  сонымен қатар  кезекте тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді мемлекет мұқтажына қайтару бойынша берілген тапсырмаларына сәйкес жүргізілген жұмыстарды салаға жауаптылар баяндады.

 

Айта кетсек, Сарыағаш қаласының бас жоспары негізінде «жаңа әкімшілік іскерлік орталығы», «орта қабатты және көп қабатты тұрғын үйлер» «Самал мөлтек ауданының солтүстік-батыс аумағы» және «Самал мөлтек ауданының солтүстік-шығыс аумақтары» бойынша  егжей-тегжейлі   жоспарлау жобалары әзірленіп бекітілген.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/970334?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді