САРЫСУ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халық пен биліктің арасына алтын көпір болып, мәселелерді жіті қарайтын қоғамдық кеңес қоғамымызда үлкен маңыздылыққа ие. Жастарға ақыл кеңесін айтып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік салмағы бар қоғамдық кеңес жоспарға сай өздерінің арнайы белгіленген салалары бойынша мекемелерді зерделеп, оларға қандай да болсын көмек беру жұмыстары өз шешімін тауып отыр.

🔰Бүгін «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы №10-1-18 өкімімен Сарысу ауданының Қоғамдық кеңесі жаңа құраммен жасақталды.

🔰Сарысу аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып Қырғызбаев Сахарай Бөгенбайұлы тағайындалды. Аудан әкімі Сәкен Мамытов жаңа төрағаны жаңа қызметімен құттықтап, кеңес жұмысы әділдікке, қоғаммен кері байланысқа, жариялылыққа негізделуі қажеттігін айтты.

🔰Айта кетейік, Сахарай Бөгенбайұлының қоғамдық істерде тәжірибесі мол. Ол бұған дейін 2021 – 2024 жылдары Жаңатас қаласының Билер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген. Қай салада қызмет атқарса да Сарысу ауданының экономикасын көтеруде, жас ұрпаққа тәрбие беруде еңбек етіп, тер төгіп өз үлесін қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/971351?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді