Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 7 сәуір мен 30 сәуір аралығында Шымкент қаласында білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ/МОДО) жүзеге асырылуда.
Аталған мониторингке Шымкент қаласынан 67 мектеп қатысуда. Мониторингке 4-сынып пен 9-сынып аралығындағы оқушылар қатысып, білім деңгейі келесі бағыттар бойынша анықталатын болады:
4-сыныптар үшін:
• Оқу сауаттылығы (қазақ, орыс тілінде) – 10 тест сұрағы
• Математикалық сауаттылық – 20 тест сұрағы
• Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық – 20 тест сұрағы
• Барлық тестілеу уақыты: 154 минут (2 сағат 34 минут)
9-сыныптар үшін:
• Оқу сауаттылығы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) – 15 тест сұрағы
• Математикалық сауаттылық – 20 тест сұрағы
• Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық – 30 тест сұрағы
• Барлық тестілеу уақыты: 189 минут (3 сағат 9 минут)
Мониторингтің мақсаты – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын анықтау және оқу жетістіктерін бағалау арқылы білім беру сапасын арттыруға ықпал ету.
ББЖМ – білім беру жүйесіндегі сапаны қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/971329?lang=kk

Жауап қалдыру