ШЫМКЕНТТЕ КӨКТЕМГІ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Залалсыздандыру жұмыстары жылына 2 рет – көктем және күз мезгілдерінде жүргізіледі. Кенелер мен басқа да жәндіктердің көбеюін алдын алуға бағытталған жұмыстарға 10 дезинфектор маман, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ауылшаруашылығы жануарларын ұстайтын, арнайы қорасы бар үйлерге ақысыз негізде жүргізіледі.

Сондай-ақ, залалсыздандыру жұмыстары кезінде 74 850 бас ірі қара малды бүрку, 77 660 бас уақ малды тоғыту шаралары атқарылып, 2 325 750 ш.м қора-жайлар мен оларға жапсарлас аумақтар 2 311 161 ш.м саябақтар мен гүлзарларға сертификатталған арнайы химиялық препараттар қолданылады.

Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасы – аурудың адамға жұғуы кене шаққанда, кенелердің қаны адамның шырышты қабығына немесе терісіне тиген кезде (малдағы кенелерді тазалаған кезде, қайшымен қырқу және кенелерді қолмен алып тастау кезінде) пайда болады. Қауіптілікті ескере отырып, қала тұрғындарынан сақтық шараларын ұстауды және аулаларын қи-қоқыстан тазартуын сұраймыз.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/968222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді