Спорт – денсаулық кепілі!
2025 жылдың сәуір айының 5-і күні Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округі, Қарабұлақ ауылында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 6 – команда қатысты. Қарабұлақ ауылынан 3 – команда, Қарқаралы қаласынан, Мартбек Мамыраев және Жаңатоған, Нұркен Әбдіров ауылдарынан – 1 командадан қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі 1 – орынды Қарқаралы қаласының «Қарқаралы» командасы, 2 – орынды Қарабұлақ ауылының «Прозитив» командасы, 3 – орынды Қарабұлақ ауылының «Сұңқар» командасы иеленді. Сонымен қатар ойын нәтижесі бойынша «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Әмбебап ойыншы» номинациялары берілді.
Атап өту керек әйелдер арасындағы волейболдан аудандық жарыс алғашы рет өтіп отыр. Осыған дейін 2 – жыл қатарынан ауылдық деңгейде өткізілді. Аталмыш жарысты өткізуге қолғабыс көрсеткен «Адал Агро» ЖШС, «Құт», «Балқантау», «Сәт», «Пынар», «Жартас», «Еліміз» шаруа қожалықтарына алғысымызды білдіреміз.
Фото – әуесқой түсірілім!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-balkantau/press/news/details/970726?lang=kk

Жауап қалдыру