31.03.2025 жылы Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес “Мерейлі ұстаз” жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында “Ғылымнан ілім” және “Шеберден олжа” бағыттары бойынша тарих, құқық негіздері пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пен құқық негіздері пәнін оқытудың заманауи әдістері: инновациялар, цифрлық технологиялар және олимпиадаға дайындық» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Мақсаты: Біліктілігі жоғары педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды меңгертудің ұтымды жолдарын көрсету.
Семинарға аудан бойынша 45 тарих- құқық негіздері пәні мұғалімдері қатысты.
Тарих, құқық негіздері секциясы бойынша
1. «Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы» тақырыбында Сагатбекова Жайдарлым Маулетказиновна, «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ,
2. «Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері» тақырыбында Матайбаева Жанар Сериковна, «Сары-Арқа ЖОББМ» КММ,
3. «Құқық негіздері пәнінен олимпиадалар: құқықтық сауаттылықты арттырудағы рөлі» тақырыбында Какибаева Шолпан Сейсеновна, «№1 Ақшәулі ЖОББМ» КММ
4. «Қылмыстық процесс субъектілерін ажырату» тақырыбында Серикбаев Ермек Мизамбекович, «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ.
шебер сыныптар көрсетті.
Семинар аяғында әдіскер М.Т.Коккозова III тоқсан қорытындысына тоқталып,сапа бойынша талдау жүргізді, 9,11 сыныптар бойынша қорытынды емтиханға дайындық және мұғалімдердің аттестациясы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/967214?lang=kk

Жауап қалдыру