ТӨРТ АЯҚТЫ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ: ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқықтық тәртіпті сақтауда және қылмыспен күресуде ішкі істер органдарының кинологиялық қызметі маңызды рөл атқарады. Арнайы дайындалған қызметтік иттер тергеушілерге қылмысты ашуда, қылмыскерлерді іздеуде, тыйым салынған және қауіпті заттарды анықтауда көмектеседі.

Бүгінгі таңда Алматы облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызметінің балансында 14 қызметтік ит бар. 2024 жылдың басынан бері кинологтар олардың көмегімен жедел-тергеу топтарымен бірлесе отырып, 169 рет оқиға орындарына шыққан. Иттердің кәсіби шеберлігі мен ерекше сезімталдығының арқасында 43 қылмыс ашылды.

– Қызметтік иттердің заңсыз есірткі айналымымен күреске қосқан үлесі ерекше. Жыл басынан бері олардың көмегімен 29 кг 609 г түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 4 кг 438 г марихуана, 350 г гашиш, 24 кг 579 г синтетикалық есірткі, 242 г героин анықталды, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Жедел жұмыстардан бөлек, кинологтар мен олардың төрт аяқты көмекшілері қоғамдық іс-шараларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері олар 25 қоғамдық тәртіп сақтау шарасына қатысып, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алды.

Бұл нәтижелер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кинологиялық қызметтің жоғары тиімділігін көрсетеді. Қызметтік иттер – кез келген сәтте қылмыспен күресте көмектесуге дайын полицияның таптырмас көмекшілері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/970078?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді