
🔻Үштөбе қаласында тұрғындардың қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
🔻Аталған жұмыстар тозығы жеткен жылу желілерін ауыстыру, жылу беру сапасын арттыру және энергия тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта қала бойынша бірқатар учаскелерде жөндеу және жаңғырту шаралары қолға алынды.
🔻Жобаның нәтижесінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу тұрақты әрі тиімді жеткізіледі деп күтілуде. Жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, белгіленген мерзімде аяқталады.
🔻Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында белгілі бір уақытқа дейін тұрғындарға қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Осыған орай, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
🔻Аталған жұмыстар — қаламыздың инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/979710?lang=kk

Жауап қалдыру