
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Маңғыстау облысы бөлімінің бас маманы Тоқтамысова Нұргүл Бахтиярқызы №13 лицейінің 9 сынып оқушыларына түсіндіру жұмысын өткізді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында оқушылар арасында суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Болашақта су ресурстарын сақтауға көмектесетін қарапайым әдеттер атап өтілді.
Сонымен қатар су саласы мамандарының тапшылығы ескеріліп, оқушыларға гидрология мамандығының маңыздылығы ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/982641?lang=kk

Жауап қалдыру