
Биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні “Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасындағы төңкерістік тәсілдер: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрландырудың рөлі” тақырыбына арналды.
📅 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы «ERG Service» ЖШС филиалы – «Павлодар машина жасау зауыты» ЖШС аумағында облыстың ірі кәсіпорындарының техникалық басшыларының қатысуымен іс-шара өткізді.
🧠 Негізгі назар – еңбек қауіпсіздігі жүйелеріне заманауи технологияларды, ЖИ мен мобильді шешімдерді енгізуге аударылды.
🔹 «DAITAN» ЖШС мен ERG Service Қауіпсіздік академиясы еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен бөлісті.
💬 Іс-шара ашық диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналды – қатысушылар өз сұрақтарын қойып, шешімдерді талқылады және тиімді тәсілдермен бөлісті.
🏆 Шараның қорытындысы ретінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға елеулі үлес қосқан үздік кәсіпорындар мен еңбек қауіпсіздігі инженерлері марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/982290?lang=kk

Жауап қалдыру