
Шараның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, шығармашылыққа жетелеу, кітапхана қорымен және арнайы дайындалған көрмелермен таныстыру.
Оқушылар екі командаға бөлініп, кітапхана ішінде квестке қатысты:
– сүйікті кітаптарын іздеді,
– ертегі оқып, мазмұнын айтып жарысты,
– кейіпкерлерге мінездеме берді,
– мақал-мәтелдердің жалғасын тапты,
– қызықты сұрақтарға жауап берді.
Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жететін рухани байлық. Осындай танымдық шаралар арқылы біз кітап оқудың маңызын терең түсіндіреміз.
Көрнекілігі: кітап көрмесі, суреттер, дәйексөздер. Қатысушылар саны 21 адам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/982267?lang=kk

Жауап қалдыру