
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Үкімет қаулысымен 2024 жылы елімізде жаңа мереке 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді.
Атаулы күн Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін дамыту жөнінде берген тапсырмасы негізінде енгізілді.
«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/982358?lang=kk

Жауап қалдыру