Адал ұрпақ-жарқын болашақ: Жалағаш ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Жалағаш ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде білім беру ұйымдары басшыларына, педагогикалық құрамға және оқушылардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы кездесу өтті.

  Жиын барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шаралар, жаңа заңнамалық өзгерістер, және жемқорлық әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды.

  Сонымен қатар, бұл бағытта қоғам тарапынан белсенділік танытып, құқық бұзушылықты хабарлаған азаматтарды ынталандыру тетіктері де түсіндірілді.

  Жиынға қатысушылар жемқорлыққа жол берген тұлғалардың жауапкершілігі, сондай-ақ құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу тәртібі жайлы ақпарат алды.

  Жоба аясындағы ақпараттық және түсіндіру шаралары алдағы уақытта да Жалағаш ауданында тұрақты түрде жалғасатын болады.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/982060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді