
Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында 1 тоқсандағы жұмыс қорытындылары мен ағымдағы жылдың 2 тоқсанындағы міндеттері талқыланған алқа отырысы өтті. Алқа отырысына аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары мен Еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы, Мансап орталықтары филиалдарының директорлары қатысты. Жиын барысында Ғабит Мүрсепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бәтима Қайыргелдіқызы Әмринаның есебі тыңдалды. Қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/982047?lang=kk

Жауап қалдыру