
23 сәуір күні «Өнер» ҚМС – да «Атамұра» мәдениет орталығы көркемөнерпаздар ұжымының «Атамұра шақырады» атты есеп беру концерті өтті. 30 жылдан аса тарихы бар орталыққа өңіріміздегі 16 ауылдық клуб қарайды. Соның барлығында дерлік көркемөнерпаздар ұжымдары, үйірмелер жылдар бойы жұмыс жасап, еңбектеніп келеді. Қояндыға қарасты «Кәусар әжелер», Бәйеттік «Асыл әжелер» вокалдық топтары 20 жылдың көлемінде Атамұрамен бірге жасасып, ауыл халқын әсем әнге бөлеп, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеп, кейінгі жастарға үлгі болып жүрген тәжірибелі ұжымдар. Концертте аға буын өкілдерінен бастап, жаңадан ашылған өнерлі ұжымдар да өнер көрсетті. Мәдениеттің мәртебесін көтеріп, клубтық құрылымдарды жылдар бойы дамытып, ұстап келе жатқан көркемөнерпаз ұжымдарының жетекшілеріне орталық директоры Нұрсұлу Еркебайқызы Төлеубаева риясыз алғыс білдіріп, жолдамалар табыстады. Жыл бойғы жұмысты қорытындылап, халыққа есеп берген қара шаңырақ қала мен даланың мәдениетін көтеріп, насихаттау бағытындағы еңбек жолын әрі қарай да тың серпіліспен, шабытпен жалғастыра бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-cultura/press/news/details/982602?lang=kk

Жауап қалдыру