
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов Алғабас ауылдық округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Іс-сапар барысында Қазата елді мекеніндегі Қ.Шалтаев, Ж.Мейірбекұлы және Мәдениет көшелеріндегі көше жарықтарының жай-күйін көрді. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан бұл жұмыстар жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.
Таңатар ауылында жуырда пайдалануға берілген балалар ойын алаңшасының сапасы мен құрылысын көзбен көріп, сондай-ақ ауылдағы туберкулезге қарсы диспансер ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты.
Сонымен қатар, Шақпақ ауылындағы ескі клуб ғимараты мен қазіргі таңда құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа Спорт кешенінің жұмысын бақылады. Нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы бойынша жауапты мердігер мекеменің басшысына нақты тапсырмалар берілді.
Жұмыс сапары аясында Ерлан Нұрмаханов округ тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/982292?lang=kk

Жауап қалдыру