
«Ұлттық кітап күні» аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Bizdiң Өskemen Quiz – BOOKSTAR» зияткерлік ойыны өтті.
Шараның мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау.
Ойынға 17 команда қатысты. «Бұқар жырау», «EastiiIer», «Ахмет ізбасарлары», «Mucalimmen», «40 gazag», «Келісіп алайық», «NewTon», «Апыр-топыр», «Жұрттың баласы», «Tas-Talqan», «Good vibes», «Бажуха», «Ну, погоди», «Ұят болмасын» т.б.
Ойын 7 турдан тұрды және әр турда жеті, он екі сұрақ болды. Үш тур сайын үзіліс, аралық рейтинг шығарылды. Әдеттегідей қызықты сұрақтар, интелектуалды жарыс болды.
Ойын соңынан жеңімпаз командалар сертификат, сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/981980?lang=kk

Жауап қалдыру