Целиноград ауданы әкімінің Ұлттық кітап күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары! Ардақты жерлестер!

Сіздерді елімізде алғаш рет аталып өтетін — Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жаңа мемлекеттік мереке — рухани және мәдени маңызы зор бастама. Бұл мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен бекітілді. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ел Президентіміз:

«Біздің ұлтымыздың алға жылжуының ең маңызды қадамдары — кітаптар. Сондықтан біз қоғамда жоғары оқу мәдениетін дәйекті түрде тамырға сіңіруіміз керек», — деп атап өтті.

Кітап — бұл жай ғана білім көзі емес. Ол — ұрпақтар арасындағы алтын көпір, халықтың жан дүниесі мен тарихының, салт-дәстүрінің сақтаушысы. Кітап арқылы біз өткенімізге үңілеміз, болашағымызды бағдарлаймыз, ой-санамызды кеңейтеміз.

Ұлттық кітап күні — әрқайсымыз үшін рухани құндылықтардың маңызын еске салатын, оқуға деген ынтамызды арттыратын жарқын мереке. Жастарды кітап оқуға баулу, отбасында оқу мәдениетін дамыту — қоғам ретінде өркендеуіміздің негізі болып табылады.

Баршаңызға шабыт, танымға толы терең туындылар мен өмір бойы серік болатын, жылы естеліктерге толы шығармалар болуын тілеймін! Қазақ әдебиетінің күші әрдайым рухымызды көтеріп, жүректерімізді біріктіріп, кемел болашақтың негізін қалауға жол ашсын!

Ізгі тілекпен,Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/981928?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді