Целиноград ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 ағаш отырғызылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмол ауылындағы «Рухани Жаңғыру» саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 80 ағаш отырғызу шарасы өтті. Іс-шара Целиноград ауданы іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған акция – жеңіс ұрпағына деген алғыс пен табиғатты аялауға шақырудың символы болды. Ағаш отырғызуға мектеп оқушылары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, полиция өкілдері, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Осы күні отырғызылған әрбір ағаш – ата-бабаларымыздың ерлігіне қойылған тірі ескерткіш іспеттес. Сонымен қатар, бұл игі іс туған өлкемізді көгалдандыруға және көркейтуге қосылған үлес болып табылады.

Табиғатты сақтай отырып жадымызды жаңғыртамыз, жарқын болашақты бірге құрамыз!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Selinograd Jastar Resurstyq Ortalyğy (@jro_celinograd)

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/982463?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді