
Бүгін Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Есенгелдиевич Садықов Қордай ауданында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында футболдан республикалық чемпионаттың ашылу салтанатына қатысты. Бұл – жастарды біріктіретін, салауатты өмір салтын насихаттайтын маңызды спорттық шара.
Салтанатты шара барысында Қордай аудандық мәслихатының алғыс хатымен ауыл футболының дамуына елеулі үлес қосқан Сарыбаев Бахыт Аскаровичті, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы чемпионатты жыл сайын ұйымдастыруға белсене қатысып жүрген Мадраимов Абдурашид Абдувалиевичті марапаттадым.
Мәслихат төрағасы чемпионат қатысушыларына сәттілік, шынайы бәсекелестік рух және жарқын жеңістер тіледі. Қордай жері оларды шабыттандырсын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/982381?lang=kk

Жауап қалдыру