
2025 жылдың 22 сәуірінде Астана қаласының Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.Берікқызы Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оқушыларына «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында дәріс өткізді.
Өткізілген іс-шара барысында жастар арасындағы құмар ойындарға тәуелділік пен буллингке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-astana/press/news/details/981405?lang=kk

Жауап қалдыру