
2025 жылғы 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен қолдауымен, «Дінаралық Наурыз: Дәмдер симфониясы» атты іс-шараны ұйымдастырды.
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу мейрамы. Ұзаққа созылған қыстан кейін ақырында жарық пен қараңғылықтың ұзақтығы теңесіп, одан әрі күннің ұзақтығы үздіксіз арта бастайды. Бұл мейрам – барлық бастамалардың бастауы, табиғаттың жаңғыруы, жақсылықтың жамандықты жеңуінің нышаны болып табылады.
Іс-шара аясында конфессия өкілдері шығармашылық нөмірлерін ұсынып, музыкалық шығармаларды аспаптарда орындап, жиналған қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Шақырылған қонақтармен бірге Наурыз-көже дайындауға қатысып, оның дәмін татты.
Іс-шараның соңында діни бірлестіктердің басшылары осы мерекелік күнге орай естелік тілектер мен құттықтауларын қалдырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/980969?lang=kk

Жауап қалдыру