
- ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ – ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ
- Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы Түркістан қаласында орналасқан Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» МКҚК-не ҚР Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттеріне және өзге де еңбек қатынастарына қатысты мәселе бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
- 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, сонымен қатар жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ернұр Сейтқалиұлы мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты талаптарды, міндеттерді тарқатып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/982086?lang=kk

Жауап қалдыру