
Құрметті тұрғындар, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап Шемонаиха қаласында көпқабатты үйлерге газ беруді тоқтатады: себебі – жабдықтың тозуы. Осыған орай, Шемонаиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қала тұрғындарына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес көпқабатты үйлерде газ баллондарын сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмейтінін ескертеді.
Қазіргі таңда азаматтар және қоғамдық тамақтандыру саласындағы жеке кәсіпкерлердің басым көпшілігі, газ баллондарын сатып алу кезінде, оны газ баллонының қондырғысына орнату кезінде, газ баллонын ортату кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейді. Сондай-ақ көпқабатты үйлерге кіріктіріліп және тіркеліп салынған асханалар, дәмханалар, мейрамханалар иелері газ баллондарын заңсыз қолдану мәселесі бар.
Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі барлығына еске салады! Газ баллонын сатып алу кезінде бірінші кезеңде газ баллонның жарамдылығында, сабын ерітіндісі арқылы оның газды өткізбей және уландырмайтынына көз жеткізу қажет. Газ баллонын тексеру кезінда оған ешқандай жағдайда жанып турған сірінкені жақындатуға болмайды, сандай-ақ газ баллонын сатып алған жағдайда газ баллонына редукторды өте мұқият және тығыз кидіру қажет. Егер газ баллоны жана бастаса дүрбелеңге скалынбаңыз, бұндай жағдайда қол астында тығыз материал және су қоры болу керек. Өрттеніп жатқан газ баллонының үстіне материалды жауып және су құйу керек.
Өрт қауіпсіздігі ережеліне сәйкес:
- Көп қабатты үйлерде газ баллондарын сақтауға, жинақтауға және пайдалануға рұқсат етілмейді;
- Газ баллонын пайдалану кезінде азаматтыр қауіпсіздік шараларын сақтау тиіс;
- газдын ағуы жағдайында газ құрылғыларын пайдалану рұсат етілмейді;
- құрылғының байланыстық тығыздығын ашық отпен (соның ішінде сірінкемен, жандырғымен, майшаммен) тексерү тыйым саланады.
Жоғарыда тізімделген өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау адамдарды қатты шығынға ұшыратып және жарақаттану әсеріне әкеледі.
Өртке қарсы қызметін шақыру нөмірі – 101, 112.
Шемонаиха ауданының ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/981778?lang=kk

Жауап қалдыру