
Іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер мен еріктілерден құралған жастар белсенді қатысты.
Қатысушылар өзен жағалауындағы қоқысты жинап, пластик пен шыны қалдықтарды, құрғақ бұтақтар мен басқа да ластануларды тазартты. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және өңірдегі негізгі су көздерінің бірі – Ертіс өзенінің тазалығын сақтау.
Ортақ күш-жігердің арқасында Ертіс жағалауы айтарлықтай тазарды және көркейе түсті. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға маңызды үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/981670?lang=kk

Жауап қалдыру