
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оған қарсы күрес жүргізу туралы айтылып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы жасалған қылмыс үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлеру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/982378?lang=kk

Жауап қалдыру