Күршім ауданының білім беру ұйымдарына «Академиялық адалдық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» және «Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануда заң бұзушылықтардың алдын алу», «Білім беру ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің стандарттарға сәйкестігі» тақырыптары бойынша жалпы құқықтық оқыту семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау және білім беру ұйымдарының мемлекеттік рәміздерін стандарттарға сәйкестендіру мақсатында Глубокое ауданы бойынша білім бөлімімен бірлесе отырып, 2025 жылдың 22 сәуірінде Глубокое ауданының білім беру ұйымдарына «Академиялық адалдық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануда заң бұзушылықтардың алдын алу» және «Білім беру ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің стандарттарға сәйкестігі» тақырыптары бойынша жалпы құқықтық оқыту семинары өткізілді.

Жиналыс барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға офицері Г.А. Бекбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістерді және білім беру мекемелерінде әр түрлі іс-шараларға заңсыз ақша жинау, сыйлық алу немесе беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкелетіндігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маман-заңгері Д. Калдыбаев білім беру ұйымдарында академиялық адалдықтың маңыздылығы және сақтау жолдары, академиялық адалдықты дамытудағы білім беру ұйымдары басшыларының рөлі, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, электрондық цифрлық қолтаңбаны дұрыс қолдану, заң бұзушылықтың алдын алу, заңдамада көзделген жауапкершілік, білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді Қазақстан Республикасының ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандартына, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына сәйкестендіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/982115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді