
2025 жылғы 23 сәуірде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҚО бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу квазимемлекеттік сектор өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстағы кезекті қадам болды.
Аумақтық департаменттің превенция Басқармасының бас маманы Р.Мұратов 2025-2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілету Тұжырымдамасы қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Оның негізгі мақсаты – азаматтарда заңды сақтаудың маңыздылығы туралы тұрақты түсінік қалыптастыру, әділеттілік, заңдылық және әркімнің елдің болашағы үшін жеке жауапкершілігі қағидаттарын нығайту.
«Бүгінде квазимемлекеттік сектор – бұл әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындаушылар ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібінің толыққанды қатысушылары. Қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімі олардың кәсібилігіне, адалдығына және құндылықтарға деген адалдығына байланысты», – деп атап өтті Р.Мұратов.
Кездесу барысында қатысушылар ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жолдарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды және заңдылық пен ашықтыққа негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын талқылады.
Іс-шара квазимемлекеттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейтуге бағытталған нақты бастамалармен және тікелей пікір алмасумен аяқталды.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/982652?lang=kk

Жауап қалдыру