
Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 23 сәуірі күні “№3 Күршім гимназиясы” КММ базасында “Мамандықтар әлемі-біз таңдайтын жолдар” атты Форум өтті. Мақсаты: Оқушылардың кәсіби бағдарлануына қолдау көрсету, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру, еңбекке деген ынтасын ояту, еңбек нарығының сұранысы мен қажеттіліктерін таныстыру. Форумға аудандық аурухана, ТЖБ мамандары, Семей қаласының агробизнес және экономика колледжінің директоры және ауданымыздың жеке кәсіпкері қатысып, көрме ұйымдастырып, оқушылармен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді. Шара барысында оқушылармен “Quiz”, “Не? Қайда? Қашан?”, “Мамандықтар әлемі” атты зияткерлік сайыстар ұйымдастырылды. Мамандықтар формуласы көрсетіліп оқушыларға кәсіптік бағыт бағдар беріліп, әріптестер арасында іс-тәжірибе таратылды.
https://www.instagram.com/reel/DI0WhQviQmI/?igsh=MXd4cG05Z21yeHdmdA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/982711?lang=kk

Жауап қалдыру