МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АБЗАЛ ЖАНДАР АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысының ерлікті дәріптеу — ұлттың рухын көтеріп, отансүйгіштік сезімді нығайту бағытындағы бастамалары аясында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық әкімдік тарапынан «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Аудандағы барлық салалар атсалысатын осы жоспар аясындағы кейбір шаралар бастау алуда. Соның бірі ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне кезектен тыс медициналық қызмет көрсету.
– Осы ретте аудандық орталық аурухананың тәжірибелі дәрігерлері Бөржар, Жамбыл, Бірлік, Қайнар ауылдарында тұратын тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы медициналық көмек көрсетті.
Шара аясында төмендегідей медициналық қызметтер ұсынылды:
➖артериялық қан қысымын өлшеу;
➖электрокардиограмма (ЭКГ) түсіру;
➖қандағы қант мөлшерін анықтау;
➖жалпы денсаулық жағдайын тексеру;
➖офтальмологиялық және неврологиялық тексеру жүргізу.
Аталған жұмыстар тыл ардагерлерінің денсаулығын жақсартуға, өмір сапасын арттыруға және олардың қоғам алдындағы еңбегіне құрмет білдіру мақсатында атқарылды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/982691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді