Ош қаласында Қазақстан Республикасының «Таңбалы» Тарихи-мәдени және табиғи музей қорығы мен Қырғыз Республикасының «Сулейман-Тоо» Ұлттық тарихи-археологиялық музей кешені арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының тікелей қолдауымен Ош қаласына Қазақстанның «Таңбалы» Тарихи-мәдени және табиғи музей қорығының директоры Б.Дандығараева бастаған делегациясының жұмыс сапары өтті. Сапардың мақсаты Қырғыз Республикасының 3 мың жылдық тарихы бар «Сулейман-Тоо» Ұлттық тарихи-археологиялық музей кешенімен өзара іскерлік байланыстар орнату, мұражай жұмысымен жергілікті тұрғындарды таныстыру, мұражай экспонаттарын қорғау мен сақтау, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында тәжірибе алмасу, сонымен бірге жалпы Орталық Азия аймағындағы тарихи-мәдени және табиғи мұражайлар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру.

Екіжақты мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әр арттыруды көздеген игілікті іс-шаралар аясында «Таңбалы» Тарихи-мәдени және табиғи музей қорығы мен «Сулейман-Тоо» Ұлттық тарихи-археологиялық музей кешені арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, өзара делегациялар алмасу жөніндегі уағдаластық жасасылды.

  ҚР Ош қаласындағы Бас консулдығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bishkek/press/news/details/982420?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді