ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА «ЖАСӨСПІРІМ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 6 сәуірден 10 мамыр аралығында Қарасай ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер ортасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

– Іс-шара барысында Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 184 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Аталған мерзім ішінде 21 кәмелетке толмаған жасөспірімдер әкімшілік құқық бұзғаны үшін полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындардағы тәртіп пен заң талаптарын сақтау маңыздылығына ерекше назар аударды.

Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Полиция басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/982201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді