Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбековтың “Нұрғисаға сағыныш” атты шығармашылық кеші өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Нұрғисаға сағыныш” – жүрекпен жеткен әуен Ұлы сазгер, қазақ музыкасының асқақ тұлғасы 

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдығына орай  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбековтың шығармашылық кеші Ескелді аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде өтті. Бұл — саз сарыны мен сағынышты астастырған, ұрпақ пен ұстаз арасындағы рухани жалғастықты тербеген кеш болды.

 Кеш қонақтары: Інжу Бақбергенқызы,  Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздіктері Бақытгүл Абенова, Арафат Ысқақов, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Гүлсім Малисова.

Кеш тізгінін ұстаған Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Гүлзия Байбосынова

Әрбір орындалған шығармада Нұрғиса рухы,  әрбір нотада сағыныштың үні естілді. 

Кеш көрерменінің көңіліне терең ой салып, жүрекке әсер етті. Ұлттық өнерге деген мұндай құрмет – руханиятымыздың тірегі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/981944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді