Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау  басқармасы «Ұлттық  сараптама орталығы» мамандарымен бірлесіп Т.  Рысқұлов ауданы «Луговской рельс дәнекерлеу кәсіпорны», «Түрксіб станциясының теміржол вокзалы», «Түрксіб станциясының ДҚ» жұмыс орындарында шу деңгейін, жасанды жарықтандыруды, микроклимат параметрлерін, жұмыс аймағының ауасын өлшей отырып, Түрксіб станциясындағы жұмыс орындарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Сау жұмыс орындары», «Өндірістік бақылау, өндірістік жарақаттану және міндетті медициналық тексеруден өту ережелері» тақырыптарында танымдық семинарлар өткізілді.

Бұдан бөлек, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылып, қатысушыларға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау мен аурулардың ерте кезеңде анықталуының маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды. Дәрістер барысында көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/982001?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді