
2025 жылдың 20 сәуір күні Дарбаза ауылдық округінің әкімін халық тікелей өздері сайлады. Сайлау нәтижесі бойынша басым дауыспен жеңіске жеткен Мұхит Доспулов Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешімімен Дарбаза ауылдық әкімі болып сайланды.
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округ әкімі аппаратының активіне Мұхит Доспуловты таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады. Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев Дарбаза ауылдық округ әкіміне қызметтік куәлігін табыстады.
– Осы лауазымды адал,әділ және абыроймен атқарыңыз! Дарбаза ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында белсенді, адал жұмыс атқарасыз деп сенім білдіремін, – деді Арман Абдуллаев.
Мұхит Доспулов 1985 жылы 23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген, білім жоғары. Еңбек жолын 2003 жылы «Оңтүстік құс» АҚ тарқатушысы қызметінен бастаған. 2006-2020 жылдары аралығында Шымкент қаласындағы «Шымкент құс» ЖШС-нің жұмысшысы, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің ауылшаруашылығы жөнінде бас маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық бөлімшесінің бас маманы, бас инспекторы, бөлімше басшысы, 2019 -2020 жылдары Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2020 – 2024 жылдары Сарыағаш қаласының әкімі, 2024-2025 жылдары Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған .
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/981398?lang=kk

Жауап қалдыру