САРЫАҒАШ: ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ МАЙ ЗАУЫТЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап өткен.

Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мақсатында «Аль-баракад» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында «Аль-баракад» ЖШС-нің өкілдері Дарбаза ауылдық округінде салынып жатқан индустриалды аумақтан күнбағыс майын шығаратын зауыт ашу бойынша жобасын таныстырып, жүзеге асыруға ниетті екендігін жеткізді.

Аудан басшысы кәсіпкерлерді қолдауға әрқашанда дайын екенін атап өтіп, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Амирхановқа тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімі бойынша баяндауды жүктеді.

Күнбағыс майын шығаратын зауыттың қуаттылығы тәулігіне 45 тонна. Жоба құны 500 млн теңге. Зауытты биылғы жылдың соңына дейін іске қосып, күнбағыс өсімдігінен май және құнарлы мал азығын шығару жоспарлануда.

Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/981510?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді