Шаған кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шаған кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде

Абай облысы Жаңасемей ауданына қарасты Шаған кентінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бірқатар тазалық шаралары ұйымдастырылуда. Игі бастама табиғатты қорғау мен ауыл аумағын абаттандыруға бағытталған.

Акция шеңберінде ауыл көшелері, қоғамдық орындар, жол жиектері және қоқыс тасталған аумақтар тазартылып жатыр. Бұл шара ел арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға үлкен серпін береді.

Тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясын жылы қабылдап, өз үлестерін қосып жатыр. Ауылдың көркеюіне бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-chagan/press/news/details/981926?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді