
Шанханай ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Ләззат Аязбайқызының ұйымдастыруымен “Ана көрген тон пішер” сайысы өтті.Сайысқа анасымен қызы қатысты.Шанханай ауылынан 3 ,Қоянкөз ауылынан 3 қатысушыдан қатысты.Сайыс 4 кезеңнен тұрды.1 кезең таныстыру,2 кезең салт-дәстүр бойынша қойылым,3 кезең ұмыт болған салт-дәстүр бойынша сұрақ жауап,4 кезең қол өнер.Сайыстың мақсаты: Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жанғырту,отбасының маңыздылығы,анамен қыз арасындағы қарым қатынас және ананың қызға тәрбиесі жайлы.Жетісу облысының аналар төрайымы және ауданымыздың аналар төрайымдары келіп қатысты.Сайыс өте тартысты өтті.Қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-shanhanai/press/news/details/982054?lang=kk

Жауап қалдыру